17 маусым 2014 | 11:22

Алматыдан шыққан пойызда сәби дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алматы - Защита бағытындағы жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз хатшысы Тимур Асылхановқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы - Защита бағытындағы жолаушылар пойызында сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз хатшысы Тимур Асылхановқа сілтеме жасап.

"№351/352 пойызда қыз бала дүниеге келді. Өскемендік келіншек плацкарт вагонымен келе жатқан. Баратын жеріне сәл ғана қалғанда толғағы қысқан. Оны пойызда босандырып алуға тура келді. Жолсеріктер жақын маңдағы станциядан "Жедел жәрдем" бригадасын шақырды. Сарыөзек станциясының бригадасы келіп қажетті рәсімдерді жасады. Әйел перзентханаға барудан бас тартып, сол пойызбен кетіп қалды. Оның сәбиімен бірге жағдайы жақсы", - дейді Асылханов. Оқиға 17 маусымға қараған түні болған. 

Асылхановтың айтуынша, осындай оқиға соңғы екі жылда төртінші рет болып отыр. "Бізде мұндай жағдайларға арналған шарттар, жеңілдіктер жоқ. Сол себепті біз әйелдердің перзентханаларда босануын талап етеміз", - дейді Асылханов.

2013 жылдың күзінде бір әйел "Тұлпар - Тальго" жүрдек пойызында босанған еді. Сәбиге толғағы келген әйелге көмектескен Әрлен деген жігіттің есімі берілді. Жолда туылған баланың атасы "Жолаушылар тасымалы" компаниясының логотипі басылған ақжайманы естелікке алды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети