12 шілде 2018 | 10:50

Алматылық қыз: "Тоқал болдым, бірақ тозақтан қашып құтылып, қайта тірілдім"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алина есімді қыз бір жарым жыл бойы салафиттың екінші әйелі болып келген. Бұл туралы алматылық қыз Comode басылымына айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Алина есімді қыз бір жарым жыл бойы салафиттың екінші әйелі болып келген. Бұл туралы алматылық қыз Comode басылымына айтып берді.

"Маған мұның барлығын қайтадан еске алу ауыр, бірақ мен басқа қыздардың мұндай қадамға баруының алдын алу үшін басымнан өткен оқиғамды айтып берейін", - деді Алина.

Айтуынша, Алина мен оның үш бауырын анасы жалғыз өсіріп-баққан - әкесі кенже ұлы дүниеге келе салып, отбасын тастап кеткен. Кейіннен Алина Алматыға кеткен, ауылдық квотамен грантқа ілігіп, педагогикалық институтқа оқуға түседі.

"Сол күйі кедейлікпен күнелтіп жүрмін, жалғыз болдым. Даяшы, үй тазалаушы болып жұмыс істедім, тіпті стриптиз билеп ақша таппақшы болдым, бірақ менің дене пішінім ол жұмысқа сәйкес болмады. Дегенмен оқуды тастап кеткен жоқпын, аз ғана стипендиямнан айырылып қалмау үшін барынша тырысып оқыдым. Жатақханада тұрдым, онда егеуқұйрықтар, қандалалар мен тарақандар жүрді. Жақсы бір жігітпен танысуды армандайтынмын, бірақ одан түк шықпады. Маған тек көшедегі дөнер сататын жігіттер қарайтын", - деп бастады әңгімесін Алина.

Күндердің бір күнінде ол өзінен 22 жас үлкен ер адаммен танысады.

"Оның үйленген екенін танысқаннан кейін екі аптадан соң ғана білдім. Сол кезде ол маған екінші әйелі болу туралы ұсыныс жасады. Мен таңғалдым, бір жағынан қорықтым да..." , - дейді ол.

Келесі күні ер адам оған жатақханадан көшіп, пәтер жалдау үшін ақша береді. "Заттарымды тасуға көмектесті. Сосын қайтадан екінші әйелі болуға қарсымын ба, жоқ па - соны сұрады. Бірақ ойламаған жерден мен "иә" дедім".

Алинаның айтуынша, осыдан кейін оның өмірі тозаққа айналды.

"Әйелдерге етке қараған сияқты қарайтын, ал мен ол үшін малай болатынмын. Мұнымен қоса, ол маған басқа ер адамдармен сөйлесуге тыйым салды, оқуға барып жүргенімді ұнатпады. Сосын балабақшаға тәрбиеші болып жұмысқа кірдім. Тек ұзын және көйлек киюге мәжбүр болдым. Күн қатты ыстық болса да. Хиджаб ки деп айты, бірақ мен оған әлі дайын емес екенімді айтып түсіндірдім. Дегенмен ол қысым көрсетті, бірақ мен киген жоқпын", - дейді Алина.

"Міндеттерім көп болды, аптасына бір рет қана келетініне қуандым - себебі ол келгенде мен нағыз малай болатынмын. Үйдің іші тап-таза болуы қажет. Тіпті батареядан жылы тәпішкесін әперіп, аяғына кигізетінмін. Үй киімін де кигізетінмін. Дастарқан да жаюлы тұру керек. Ол барлығы осылай болу керек деп санады. Бірде ол үстел үстінде тұрған мармеладтарды көріп, айғай шығарды. Олар желатиннен жасалғандықтан онда шошқаның еті бар екенін айтты. Шұжық пен сосиска дегендерге мүлде тыйым салынды. Олар халал болса да үйге алдырмайтын. Тұрып тамақ жесем қатты айғайлайтын. Айтуынша, ол күнә. Сол қолмен тамақ жеу - ол да күнә", - дейді Алина.

"Белгілі бір сомада аз ғана ақша беріп тұратын. Пәтерді жалдауға, коммуналдық қызметтерге, теледидарға - маған үйге келгенде кешкі астан кейін диванда жатып, криминалдық бағдарламалар көріп жататын. Бірдеңе алғым келсе, мен оған ол маған не үшін қажет, қанша теңгеге алайын деп жатырмын - барлығын түсіндіруім тиіс еді. Ал ол мұны қажет емес деп санаса, ақша бермей қоятын. Осылайша, мен тоқалдар жайлы мифті жоққа шығарып оытрмын - алтын бұйымдар, телефондар, машина және тағы басқасы. Кейбіреулер алып беріп жататын шығар, бірақ мен ол жайлы армандамайтынмын. Өзімді жалақымды қайда жұмсағаным жайлы есеп бермейтінмін, барлық ақшаны бірден анама жіберетінмін. Сондай-ақ, ол маған анама және бауырларыма барып қайтуға тыйым салатын. "Тұрмыс құрған мұсылман әйелдің жалғыз отбасы бар - ол күйеуі" деп айтатын", - дейді алматылық Алина.

Ал мұның барлығын неге шыдап келгені жайлы сұраққа қыз не айтарын білмеді. Айтуынша, бір сәтте осы қарым-қатынасты үзіп тастағысы келді.

"Дегенмен де Құдай бар екен. Бірден болмаса да, бірнеше күннен кейін мен жақсы жігітпен таныстым. Бірден араласып кеттік, ұсыныс жасады. Салафитпен болған жағдай өткен өмірімде қалды. Әрине, оны естен шығару қиын", - дейді Алина.

"Оған бағынбай бастағаныма таңғалды. Жазып, қоңырау соғып жүретін - мені және жігітімді қорқытатын... Оны тоқтатқан тек бір нәрсе - мен оған тағы да бізді мазалайтын болса, әйеліне барлығын айтып беретінімді айттым. Ал ол әйелінен қатты қорқатын", - дейді Алина.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети