05 қыркүйек 2018 | 13:19

Алматылық тиін Ресейге жеткізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейліктер Алматыдағы "Атакентте" орнатылған тиінді алып кеткісі келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейліктер Алматыдағы "Атакентте" орнатылған тиінді алып кеткісі келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала аумағын өзгерту бойынша жаңа тенденцияларға арналған баспасөз-конференциясы барысында белгілі болды. Іс-шараға сәулет, дизайн және урбанистика саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандар қатысты.

"Сіздердің тиін бүкіл әлемді шулатты, оны әлі күнге дейін талқылап жатыр. Тиін мекенжайын өзгертуі әбден мүмкін. Мен біздің өнер сүйер қауымның оны Ресейге көшіргісі келетіні жайлы естідім", - дейді суретші әрі дизайнер Андрей Люблинский.

ЮНЕСКО сарапшысы, антрополог Евфрат Имамбек те тиінге қатысты ойын айтты.

"Жалпы тиіннің өзі аса әдемі емес, бірақ оның көздері әдемі. Қанша дау шықса да, тиіннің арқасында біз жайлы біраз адам білді", - деді Евфрат Имамбек.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыдағы "Атакент" сауда орталығында биіктігі 12 метр, салмағы 12 тоннаны құрайтын тиіннің салынғаны жайлы хабарланған болатын. Ол сабан, металл мен ағаштан жасалған. Мұндай арт-құрылыстың бағасы - 23 миллион теңге. Жоба авторы - суретші Алекс Ринслер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети