Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Америкада төрт жасар қыз әйгілі брендпен киімдер топтамасын шығарады

12 Желтоқсан 2014, 10:50
0
Фото fashionbymayhem.com сайтынан
Фото fashionbymayhem.com сайтынан

Американың J.Crew сән бренді балаларға арналған жаңа топтаманы америкалық төрт жасар қыз Мейхем Кайзермен (Mayhem Keiser) бірлесіп шығарады. Бұл жөнінде Лента.ру сайты The Daily Telegraph басылымына сілтеме жасай отырып хабарлады. Қыздың қолынан шыққан киімдер 22,5 доллардан жоғары бағада сатылады, оларды дүкен сөрелерінен 2015 жылдың жазында көруге болады. 

Қыз көйлектерді қағаздан жасайды, кейін Crewcuts дизайнерлер тобының мамандары оларды матадан тігуді жоспарлап отыр. Сәнді киімдер J.Crew брендімен сатылады. 

Crewcuts-тің басшысы Дженни Купердің (Jenny Cooper) айтуынша, Мейхемнің жұмысын мамандар алғаш рет көргенде оның әр киімді жасап шығаруға ерекше ұқыптылық танытатынына қатты таңғалған.

Қыздың анасы Энджи Кайзер Instagram желісіндегі аккаунтында Мейхемнің қолынан шыққан қағаз көйлектердің суретін жариялай бастағаннан кейін, ол көпшілікке таныла бастады. Қыз бала Дженнифер Лоуренс пен Люпита Нионго сынды атақты актрисалардың көйлегін айнытпай жасай бастаған.

Айта кетейік, бұған дейін 7 жастағы қазақстандық модель Кристидің дүниежүзіне әйгілі GAP брендінің жарнамасына түскені жайлы хабарлаған болатынбыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай