Елордалық тұрғын нанның ішінен шеге тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әкімдік сайтындағы "Халықтық бақылау" айдарына өз шағымын қалдырған.
Елордалық тұрғын нанның ішінен шеге тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әкімдік сайтындағы "Халықтық бақылау" айдарына өз шағымын қалдырған.
"Әнуар" дүкенінен нан сатып алдық. Үйде дастархан жайған кезде нанның ішінен шеге шықты. Түбіртекпен алып дүкенге бардық. Кәсіпорынның көрсетілген мекенжайға хабарластық. Шара қабылдауларыңызды сұраймыз!", - деп жазды Камила Ғайнутдинова. Ол нанның және қаптаманың суретін жолдады.
Дегенмен екі күн өткен соң ол қателікпен басқа нанның қаптамасын салып жібергенін айтты. Олардың мекенжайы: Дулатов көшесі, 191. Шағым жазғанда мен екі бірдей нан алдым деп ойладым, кейін түбіртектен екеуі екі түрлі екенін байқадым. "Сапа нан" компаниясының бұған еш қатысы жоқ", - деді ол.
Tengrinews.kz редакциясы шағымданушы жазған мекенжайға хабарласты. Кәсіпорынның коммерциялық директоры шегенің нанның ішінде болуы мүмкін емес екенін айтты.
"Біз технологтармен және басқа да мамандармен шұғыл жиын өткіздік. Бізде ұн тартатын аппарат бар, ол жерден ештеңе шығуы мүмкін емес, екінші процесс - әр нанның формасына сәйкес қамырды бөлу. Ол жерде де шеге түсіп кетуі мүмкін емес", - деді "Елордалық нан" ЖШС коммерциялық директоры Әбдірахым Төлендиев.
Ол нандардың қаптамаға салып жеткізілетінін, онда барлық мекенжай көрсетілгенін айтты. "Егер бірдеңе дұрыс болмаса ол бірден бізге хабарласа алар еді. Онда уақыты 24 қараша деп көрсетілген, бүгін 27-сі. Ол әлі де хабарласқан жоқ. Біз тек қаптамадағы нандарды жеткіземіз", - деді Төлендиев. Ол дүкенге "Елордалық наннан" басқа тағы екі компанияның нан жеткізетінін айтты.
"Технолог біздің нанды тексеріп көрді. Ұнның түсі қоңыр, ал кеуектері әртүрлі. Біз тұтынушылармен тікелей байланысамыз, мәселе туындаса олар хабарласар еді", - деді коммерциялық директор.
Бұл суретті өндірушілер сөздеріне дәлел ретінде жіберді.
Айта кетейік, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті шағымға 30 қарашада жауап беруге уәде етті.