Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Астанада 8 миллион гүл отырғызылады

13 Мамыр 2014, 11:44
0
©livejournal.com
©livejournal.com

Биыл Астана қаласында 7 мыңға жуық түп ағаш және 8 миллиондай гүл отырғызылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап. 

Көктемнің шығуымен "Астана - Зеленстрой" компаниясы үшін қауырт жұмыстар басталады. Себебі оған қаланы көгалдандыру міндеті жүктелген. Айта кеткен жөн, осы саладағы барлық жұмыстар Астана қаласын көгалдандырудың 2007-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында атқарылып жатыр.

Биылғы жоспарға сәйкес, елорданың Есіл ауданында 2562 түп ағаш отырғызылса, Алматы ауданында - 3801, ал Сарыарқа ауданында - 543 ағаш. Қала бойынша 7,9 миллион гүл отырғызылмақшы. Бұдан басқа, сан алуан декоративті фигуралар қойылады.  

"Біздің негізгі мақсатымыз - қала территориясын бірте-бірте гүлге толтыру. Бұл дегеніміз, сан алуан гүлдер мен гүлзарлар тас жолдардың бойымен де көптеп отырғызылады. Сөйтіп, оның барлығы қаладағы саяжайлар мен бақтармен үндесіп тұруы тиіс", - дейді мамандар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай