Автобус салонында шылым тартқан ер адам іздестіріліп жатыр

29 Қараша 2018, 09:58
0

Ер адам автобус салонында шылым шегіп, тұқылын тастай салған. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео кадрларынан ер адамның шылым шегіп, түтінін жолаушыларға үрлегенін айтады. Кейін тұқылын автобус ішінде тастай салған. 

Видео сипаттамасында оқиғаның Алматыда 120-автобуста болғаны жазылған. Маршрут "Green Bus" ЖШС-ға тиесілі екені айтылады. Автопарк директоры Бауыржан Құлышев видеоға қатысты пікір білдірді. 

"Бұл жағдайдың 120-автобуста болғанын нақты айта алмаймын, себебі борт нөмірі жоқ. Бірақ автобустарымызда жолаушылар күн сайын не бүлдіретінін айта аламын. Қоқыс тастап, автобус салонын бүлдіреді", - дейді ол.

Алматы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің ер адамның іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай