23 қазан 2018 16:50

Айя Шалқар "2018 жылдың ең әдемі 100 адамы" байқауының номинанты атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айя Шалқар Айя Шалқар

Қазақстандық модель Айя Шалқар The 100 Most Beautiful Faces (Ең әдемі 100 адам) байқауының номинанттар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстандық модель Айя Шалқар The 100 Most Beautiful Faces (Ең әдемі 100 адам) байқауының номинанттар тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ұйымдастырушылар TC Candler арнасы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Қазіргі уақытта дауыс беру науқаны басталды. Қолданушылар 2018 жылдың ең әдемі 100 адамы тізімінде болуы керек тұлғалардың есімін жазып жатыр. 

"2018 жылдың ең әдемі 100 адамы!", - делінген қазақстандық модель әрі дизайнердің суретінің сипаттамасында. 

Айядан бөлек, бұл тізімде танымал актер Блейк Лайвли және Скарлетт Йоханссон, "Тақтар ойыны" жұлдызы Софи Тернер, Марийон Котийяр, ресейлік фотомодель Екатерина Коба және герцогиня Сассекская Меган Маркл де бар.  

Сонымен қатар, номинанттар арасында палестиналық Лина Кишави бар. Оның суретінің сипаттамасында ресейлік және қазақстандық ту көрсетілген.  

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TC Candler (@tccandler) Казахстанский певец Димаш Кудайберген вошел в список "100 самых красивых лиц 2017 года" среди мужчин, передает корреспондент Tengrinews.kz. Рейтинг самых красивых лиц уходящего года опубликовал на своем канале в Youtube TC Candler.

Осыған дейін қазақстандық Димаш Құдайберген ерлер арасында "2017 жылдың ең әдемі 100 адамы" тізіміне енген еді. Өткен жылы Youtube желісіндегі TC Candler арнасы Димашты 76-орынға қойған еді. 

Ол кезде ең әдемі болып оңтүстіккореялық әнші Ким Тхэ Хен танылған еді. "Тақтар ойыны" сериалындағы Кхал Дрогоны сомдаған актер Джейсон Момоа екінші орынды иеленді, ал үшінші орынға америкалық актер Арми Хаммер жайғасты.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети