Бақытты болу үшін қанша ақша қажет?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Америкалық психологтар (Индиана штатындағы Виргиния және Пердью университеттерінен) бүкіл әлем бойынша бақытты адамның жалақысы қанша болатынын есептеді, - деп хабарлайды MarketWatch зерттеуге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық психологтар (Индиана штатындағы Виргиния және Пердью университеттерінен) бүкіл әлем бойынша бақытты адамның жалақысы қанша болатынын есептеді, - деп хабарлайды MarketWatch зерттеуге сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, әлем бойынша ең тиімді орташа жалақы - жылына 95 мың доллар. Алайда эмоциялық теңдік үшін жылына 60-75 мың доллар да жеткілікті екен. Ал балалары бар отбасыларға көбірек ақша қажет, десек те бұл отбасы мүшелерінің санына қатысты емес.

Мысалы аустралиялықтарды алсақ, бір адамға жылына 125 мың доллар, ал Солтүстік Америка тұрғындарына - 105 мың, Батыс Еуропа - 100 мың доллар қажет екен. 

Шығыс Еуропа тұрғындарына бақытты болу үшін жылына 45 мың доллардан аз таппаса болды екен, Оңтүстік Америкада одан да аз - 35 мың доллар. 

Gallup консталгингтік компаниясының дүниежүзілік рейтингі жалақы деңгейі мен өмірге көңілі толу сезімін байланыстыра келе, адам қаншалықты көп табыс тапса, соншалықты бақытты болады деген тұжырымға келіп отыр. 

Ал психологтар қаншалықты көп ақша тапсақ, қалауымыз да соншалықты өседі дегенді айтады. Зерттеушілер ақша мен бақыт арасында түрлі мәдениетте ауқымды проблема барын айтып отыр.  

Олардың есептеуінше, ерлер бақытты болуы үшін 90 мың долларды жылына тапса жеткілікті екен де, әйелдерге 100 мың доллар қажет.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro