Батыс Қазақстан облысында оқушы суға ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Мой город" облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында оқушы суға ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды "Мой город" облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 24 мамырда Достық ауылындағы Шаған өзенінде болған. Никита Тюкин достарымен бірге дүкенге бара жатқанда екі сыныптасын көреді. "Олар суға түсуге бара жатыр екен, мен де баруды ұйғардым. Мен жақсы жүземін, сондықтан да өзенді тез жүзіп өттім, қыздардың күші жетпеген секілді. Жағаға жеткенімде қыздың айқайлаған дауысын естідім", - деді ол.
Никитаның айтуынша, ағып бара жатқан қызды ол қолынан ұстап, жағаға дереу шығарған. Ол қызды құтқарамын дегенше, екінші қыз да су астына батып кеткен. "Мен оны көп іздедім, - деді ол. - Оны судың бетінен көру мүмкін болмады. Суға бірнеше рет сүңгідім, кейін оның денесін сезгендей болдым. Ол су түбіне дейін батып кетпепті. Дегенмен, өте терең болды. Мен оны судан алып шықтым. Ол жағаға жеткен кезде өз-өзіне келмеген еді, оның кеуде тұсынан ұрып, аузынан дем бердім. Кейін ол тыныс ала бастады".
Баланың ерлігін БҚО ТЖД жоғары бағалап, оған ұялы телефон тарту етті. Департамент басшысы Замир Бердашов Никитаны марапаттау үшін ҚР ІІМ ТЖ комитетіне хат жолдайтынын айтты.