Америкалық белгілі пранкер Коби Персин Нью-Йоркте бір қызды оңдырмай алдады. Ол бұл видеосын YouTube хостингіндегі арнасында жария етті.
Америкалық белгілі пранкер Коби Персин Нью-Йоркте бір қызды оңдырмай алдады. Ол бұл видеосын YouTube хостингіндегі арнасында жария етті.
Жігіт бастапқыда бөтен қызға жақындап, танысады. Алайда бойжеткен бойфрендінің бар екенін айтады. Осы кезде кадрда қымбат көлік пайда болады. Кейін бойжеткен жігіттің жеке ұшағы бар екенін біледі. Сонда ғана қыз өз жоспарын аяқ асты етіп, мүлдем танымайтын адаммен Майамиге ұшуға келісімін береді.
Ұшаққа отырған қыз бойфрендіне телефон соғып, ауырып қалғанын және кешке онымен кездесе алмайтынын айтып, өтірік айтады. Сөйтіп, ұшақ енді ұшқалы жатқанда пранкер қыздан өзін суретке түсіруін сұрайды. Қыз ұшақтан шыққан кезде жігіт оны қуып жібереді.