19 маусым 2018 10:27

Далай-лама жауды қалай дос қылуға болатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Delfi © Delfi

XIV Далай-лама Ригада өтіп жатқан Ресей мен Балтық елдері буддистеріне өткізіп жатқан дәрісі кезінде жауды қалай ең сенімді дос етуге болатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


XIV Далай-лама Ригада өтіп жатқан Ресей мен Балтық елдері буддистеріне өткізіп жатқан дәрісі кезінде жауды қалай ең сенімді дос етуге болатынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Ол буддизмді ұстанушыларға және оның іліміне қызыққандардың бәріне өз бойында бодхичита - барлық тіршіліктің игілігі үшін оянуға тырысу дәнін себуге шақырды. Оның сөзінше, бұл шыдамдылықты тәрбиелемей мүмкін болмайды. "Барлығына альтруизм мен шыдамдылықты дамыту қажет. Сондықтан сіздердің жау - ең жақсы досыңыз, рухани дос, ұстаз, сізге шыдамдылықты тәрбиелеуге көмектесетін досыңыз", - дейді ол. 

Бұл мақсатқа жетудің ең жақсы мәтін, ол VIII ғасырдағы будда ойшылы Шантидеваның "Бодхисаттва жолы" атты кітабы екен. Жақында бұл кітап орыс тіліне аударылыпты. Далай-ламаның айтуынша, осы кітаптың алтынщы тарауына баса назар аудару керек.

"Ислам, христиан, иудаизм дінін ұстанушылар да осы тарауды оқи алады. Өйткені шындамдылықты дамыту мен өзімшілдікті басу, жанашырлық мен махаббат ілімі барлық дінге ортақ", - дейді Тибет буддизмінің басшысы. Ол рухани өзгеру өздігінен болмайтынын, тек еңбекпен келетінін атап өтті. 

Ригадағы  "Сконто" залына Далай-ламаның айтқанын тыңдауға 4,5 мыңдай адам жиналған. Олардың көпшілігі Ресейден келіпті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети