06 наурыз 2015 09:21

Дат саясаткерінің бейәдеп киінуі Интернетте қызу талқыға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Instagram.com ©Instagram.com

Данияда Интернет қолданушылары мен жергілікті БАҚ 21 жастағы Никита Клаеструптың ашық көйлегін қызу талқыға салды. Ол - "Жас консерваторлар" саяси ұйымының бөлімшелерінің бірінде басшы. Дни.Ру басылымының хабарлауынша, ұйымның 110 жылдық мейрейтойына орай таяуда өткен кешке қыз, кейбір қолданушылардың пікірінше, бейәдеп көйлек киіп келген.  

Никита омырауы тым ашық, қара түсті көйлек киген. Кеш қонақтары да, Желі қолданушылары да бұл жайтты назардан тыс қалдырмады. Пікір жазғандар жас саясаткердің мақтана алатындай жағдайы бар екенін, бірақ мұндай киімді ресми шараларға киюге болмайтынын айтады.

Копенгаген университетінде оқитын Никитаның өзі болса бұған еш қысылмайтын көрінеді. Ол бұл кеште ерекше көрінгісі келгенін түсіндірді. Оның үстіне, ашықтау киімдерді киіп, суретке түскенді ұнатады, бірақ бұл ісі оның саяси қызметі мен оқудағы үлгеріміне еш әсер етпейді екен. 

Мансап жолын саясатпен байланыстырғысы келген студент желіге тұңғыш рет анайы сурет салып отырған жоқ. Мәселен, Хэллоуин мерекесінен кейін жас саясаткер ашық-шашық киінген медбикенің образында көрінген болатын. Ал теңіздің жағасында алған әсерін көрсеткен суретінде ол тіпті де омырауын ашып тастаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети