"Екі аяққа қайта нық тұру керемет сезім" - Қатерлі ісікті жеңген футболшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Екі аяққа қайта нық тұру керемет сезім" - Қатерлі ісікті жеңген футболшы Сурет:instagram.com/b_mukhambetkaliev

Астана футболшысы Бахтияр Мұхамбетқалиев аяғына қайта тұра алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыдан бірнеше ай бұрын 19 жастағы жігітке қатерлі ісіктен ота жасалып, оң жақ аяғын кесіп тастаған болатын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана футболшысы Бахтияр Мұхамбетқалиев аяғына қайта тұра алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыдан бірнеше ай бұрын 19 жастағы жігітке қатерлі ісіктен ота жасалып, оң жақ аяғын кесіп тастаған болатын.

Қазір Бахтияр фитнеспен айналысып, спорт залға жиі барып, ұлымен бірге футбол ойнап, басқа балаларды да жеке мектептерде футболдан жаттықтырады. 

"Көптен күткен сәт те туды. Бақыттымын деп айта аламын ба, білмеймін. Алайда екі аяғыңа қайта тұру керемет сезім. Енді арманыма жетіп, әлемді бағындыратыныма деген сенім екі есе арта түсті", - деді футболшы. 

Бахтияр Алматы қаласының Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ем алған. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, Бахтияр қатерлі ісіктен кейін де бұрынғыдай өмір сүре алады. 

"Емделушіде қазір ремиссия жүріп жатыр. Бахтияр протезге үйренгенше, ол параолимпиада құрамында спортпен шұғылдана алады. Протезбен бірге спортзалда физикалық жаттығулар жасайтын болады", - дейді Ғылыми-зерттеу институттарының дәрігері Қуаныш Орманов. 

Кәсіби футболмен Бахтияр 18 жасынан бастап айналысқан екен. Жаттығу кезінде өзін жайсыз сезініп, дәрігерлер оған тізеден төмен қатерлі ісік деген диагнозды қойған. 2018 жылдың ақпан айында Бахтиярға оң жақ аяғын кескен. 

Бахтияр үйленген және Дінмұхаммед атты бір жарым жасты баласын тәрбиелеп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети