Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев үйленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаев үйленеді © Tengrinews.kz

Ерте қартаю ауруына шалдыққан атыраулық Нұржан Өркешбаев жақында үйленеді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына оның өзі хабарлады. Ол үйлену тойы туралы басқа ақпарат айтпады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерте қартаю ауруына шалдыққан атыраулық Нұржан Өркешбаев жақында үйленеді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына оның өзі хабарлады. Ол үйлену тойы туралы басқа ақпарат айтпады.

Өркешбаевтың айтуынша, жақын арада ол үйлену тойына байланысты Атырауда тілшілерді жинап, баспасөз отырысын өткізеді. Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желіде үйлену тойына шақыру билетінің суреті жарияланды. Нұржан Өркешбаевтың қалыңдығының есімі - Әсемгүл. Неке қию рәсімі 2015 жылдың тамызында болады.

 Фото ©Багытов Жақсылық 

Еске сала кетейік, 2011 жылдың соңында Нұржан бірнеше пластикалық ота жасатты. Осының нәтижесінде ол ондаған жылға жасарды. Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаевқа ота жасаған 30 жастағы хирург Болат Байыровтың айтуынша, Нұржан Қазақстандағы прогерияға шалдыққан жалғыз адам. Кейін Өркешбаев Атыраудағы "Нұрсая" ықшамауданынан бір бөлмелі пәтер алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети