15 маусым 2018 09:46

Ғалымдар құдайдың "фотороботын" жасап көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Каролина (АҚШ) Университетінің физиологтары құдайдың "фотороботын" жасады. Эксперимент барысында олар 500-ден аса адамнан құдайдың түр-әлпеті жайлы ойын сұраған.


Солтүстік Каролина (АҚШ) Университетінің физиологтары құдайдың "фотороботын" жасады. Эксперимент барысында олар 500-ден аса адамнан құдайдың түр-әлпеті жайлы ойын сұраған.

Бұл зерттеудің нәтижесі PLOS One ғылыми журналында пайда болды. Экспериментке 330 ер адам мен 181 әйел адам қатысқан, оның ішінде 26-сы афроамерикалықтар. Қатысушыларға адам кескіні бейнеленген бірнеше сурет көрсетілген. Әрбір жұп өз ойынша құдайдың келбетіне барынша ұқсайтынын таңдауы қажет болған. Ал сауалнама аяқталғаннан кейін респонденттер таңдаған кескін-келбеттер бір суретке біріктірілген.

Осылайша америкалықтардың құдайды қалай елестететінін анықтадық, дейді ғалымдар. Барлық қатысушы өзін христиан деп атған. Бастапқыда үлгі ретінде "орташа америкалықтың" суреті қолданылған, кейін ол сәл өзгертілген. Осылайша респонденттерге 300 бейне ұсынылған.

Экспериментке қатысушылар түрлі саяси көзқараста және түрлі нәсілге жататыны айтылады. Ғалымдардың айтуынша, түрлі саяси көзқарастағы адамдар құдайды өзгеше елестетеді екен, мәселен консерваторлар құдайды толысқан, ер жеткен ер адам көрсе, либералдар оны әйелге тән әрі жас деп көреді екен. Ал афроамерикалықтар көбінде өз нәсіліне ұқсайтын түр сипатын таңдаған. Алайда барлығына тән бір ерекшелік - көпшілік адам құдайды ер адам бейнесінде көреді екен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети