Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Интернетте жұлдызға айналған шалқарлық шенеунік тәртіптік кеңеске шақырылады

28 Мамыр 2015, 08:50
1
© Youtube.com
© Youtube.com

YouTube жұлдызына айналған Шалқар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысы Аян Қорқытұлының үстінен тәртіптік іс қозғалды, - деп хабарлайды "Диапазон" тәртіптік кеңес меңгерушісінің хатшысы Жақсылық Үмбетқалиевке сілтеме жасап.

"Мемлекеттік қызметкерлердің абыройы туралы кодексті бұзғаны үшін тәртіптік іс қозғалды, - деді Үмбетқалиев. - Мемлекеттік қызметкер әдепті болуы керек. Оның тілшіге берген сұхбаты мемлекеттік қызметкерлердің абыройына нұқсан келтірді".

Жақын арада шалқарлық шенеунікті тәртіптік кеңеске шақырады. Дегенмен, Үмбетқалиевтің айтуынша, тәртіптік кеңес болмауы да мүмкін. "Ол ауруына байланысты емделу демалысына шығуы да мүмкін. Мұндай жағдайда заң бойынша жиналыс өткіземіз. Тәртіптік кеңес болатын күнге дейін ол сауығады деп үміттенемін", - деді ол.

Еске салайық, сюжетте жергілікті такси жүргізушілері жолдың жаман екеніне шағым айтады. "Біздің ауылда жол жоқ, оны ешкім жөндемейді де, жыл сайын жолдар бұзылып, шаң жиналып жатыр. Бізде Кеңес Одағынан қалған жолдар да бар", - деді жүргізушілер. Осы сұрақтардың жауабын алу үшін тілшілер жол құрылысы мәселелерімен айналысатын шенеунікке барды. "Бұл жылы мүлде ақша жоқ. Әйтеке би көшесін жөндеуге ақша бөлді де, қайтадан алып кетті. Қысқасы, ақша жоқ. Дәл осылай жаз, басыңды ауыртпа", - деді шенеунік. Ал соңында айтқан сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін аударды. "Шалқар чики-чики ғой", - деді Аян Қорқытұлы.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай