30 қаңтар 2017 13:29

Ислам Каримовтың қызымен түскен архив суреті жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lola.karimova.tillyaeva/Facebook © lola.karimova.tillyaeva/Facebook

Ислам Каримовтың қызымен түскен архив суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өзбекстанның бұрынғы президентінің екінші қызы Лола Facebook желісіндегі өзінің парақшасында 30 қаңтарда тірі болғанда Ислам Каримовтың 79 жасқа толатыны туралы еске салды. 

"Бұл күні, 30 қаңтарда, біз барлығымыз Сізді Туған күніңізбен құттықтауға асығатынбыз. Бүгінде асығуға себеп жоқ. Сіз жоқсыз... Сіз әрдайым бізбен біргесіз, себебі сізге деген махаббатымыз мәңгілік - Сіз мәңгіге біздің жүрегіміздесіз", - деп жазды Лола Каримова-Тилляева өзінің парақшасында. 

Еске салайық, 2016 жылы 2 қыркүйекте 78 жасында Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болған еді. Ол өзі туған Самарқандта жерленді. 

2016 жылы 4 желтоқсанда Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы сайлауында 88,61 пайыз дауыспен жеңіске жетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети