Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Жалаңаш байлар" елді жалаңаштап кеткенше қарап отырамыз ба?

09 Маусым 2014, 16:45
0
©Алаш айнасы иллюстрациясы
©Алаш айнасы иллюстрациясы

Капитализм келгелі қазақта байдың түр-түрі пайда бола бастады. Кеңес заманынан қалғанды жекешелендіріп байып алғандар, жеке өндіріс нысанын ашып, адал еңбегімен ақшаны күреп тауып жатқандар, арада делдалдық етіп, инфляцияны күшейткіш малтабарлар және т.б. Соңғы кездері осылардың қатарына «жалаңаш бай» деген термин келіп қосылды. Нақтысында, бұл сөз ел қазынасын жалаңаштап, Отанын сатып шетелге тайып тұратын шенеуніктерге қатысты айтылады... Осы мәселеге қатысты "Алаш айнасы" ой толғайды.

«Жүре берсең көре бересің, көре берсең көне бересің» демекші, қазір бір шенеунік ел қазынасын тонап, шетелге қашып кетіпті десе, жұрт таң қалмайтын болған. Ал 20-30 жыл бұрын осындай жайт орын алғанда, бұл елдің назардағы №1 мәселесі болар еді. Осыдан-ақ біздің қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қаншалықты белшесінен батқанын аңғаруға болады. Демек, мәселе өзектілігі әбден шегіне жеткен. Мәселен, кеше ғана қол қойысып, бір одақта экономикалық жарысқа түсуге бел буысқан Ресей Федерациясы «жалаңаш байларын» былтырдан бері «қымтануға» үйрете бастаған. Былтырдан бастап Ресейдің шенді-шекпенділеріне шетелде банктік шот ашуға тыйым салынған, сол секілді активтерін сыртта ұстауға да шектеу енгізілген. Шынтуайтында, Қызыл Кремль өзінің саяси элитасын алдын ала сақтандырған еді. Оған дер уақытында құлақ аспағандары, бүгін Батыстың қатаң санкциясына ілініп, барынан айдын аманында айрылып қалып отырған жайы бар. Сол секілді Мәскеу қос азаматтыққа да тыйым салды. Бұл екеуі де сыбайлас жемқорлық фактісінің соңғы шегіне жол бермеу шарасы: шенді-шекпенділерінің алатынын алып, болатынын болдырған соң елден тайып кетпесі үшін. Ал бізде бастапқысы, яғни министрлердің, саясаткерлердің шетелден банктік шот ашуы, активін сыртта ұстау мәселесі талқыланған болатын. Бірақ оны үдере қолдап кеткен халық қалаулылары байқалмады. Тіпті, іргеден тұрақтылық кетіп тұрғанда қос азаматтықты болдырмау жайына депутаттарымыздың бас ауыртқысы келмеуі мүлде түсініксіз. Осы жағынан алғанда, әлгілердің бәрі шетінен «жалаңаш бай» болуы керек деп күмәнданып та қаласыз.

Шенді-шекпенділер балаларының өз елінде оқуы ілуде бір рет кездесетін жағдай екендігі рас. Әйтпесе қазақ саяси элитасының балалары шетінен түгел дерлік шет мемлекеттің іргелі әрі мәртебелі жоғары оқу орындары білімін игеруде. Ал бала кеткен соң мұнда анасы қашанға дейін тыншып отырсын? Ол жаққа анасы да бірнеше нөкерімен жетіп алады. Әрине, олар пәтерді жалға алмайды. Жәй пәтерде тағы тұруға болмайды, өйткені атақ-дәрежеге лайық емес. Бір-бір сарайлары бар. Міне, мұндай жайтты Пекин сыбайлас жемқорлықты қамтушы факті деп тапқан. Сөйтіп бала-шағасы шетелде тұратын шенеуніктерді Қытай билігі қызметтен кетірген, кейбірінің дәрежесін төмендеткен. Гуандун шенеуніктерінің 866-сы дәрежесін төмендетуге көнген, өйткені олар шетелден бала-шағасын кері әкеле алмайтындарын мойындаған.

Жалғасын оқығыңыз келсе, МЫНА ЖЕРГЕ өтіңіз. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай