Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жамбыл облысында полицей әр ұлттан бес бала асырап алды

22 Сәуір 2016, 08:53
0
© Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі
© Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі

Жамбыл облысының Меркі ауданының жол полициясының инспекторы Ғалым Арыстанбаев бес бала асырап алып, отбасылық үлгідегі мини-балабақша ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

38 жастағы полиция сержанты Ғалым Арыстанбаев пен оның жұбайы Әлияның үш баласы бар. Бір жарым жыл бұрын олар тағы бес бала асырап алды. "Менің жанұям үлкен, мен мұны әрқашан армандап келдім! Әйелім Әлия мені қолдады, отасқанымызға 10 жыл болды. Біз бір-бірімізді сүйеміз және бір-бірімізді толықтырамыз, барлығының дені сау, жағдайлары жақсы, ал бұл ең маңыздысы. Жанымда балаларым, анасы, туыстарым. Иә, мен ең бақытты адаммын!", - дейді Арыстанбаев.

Полицей балалардың әр ұлттан екендігі олардың қарым-қатынасына кедергі болмайтынын айтып отыр. "Үш қыз бен екі баланы асырап алдым. Үлкені 16-да, әзірбайжан, ортаншысы - қытай қызы, кішісі - өзбек. Ал балалардан үлкені - сыған, кенжесі - орыс. Олар бір-біріне ұқсамайды, бірақ бір тілде сөйлейді, ол - қазақ тілі", - деді ол.

Оның айтуынша, балалар бір-біріне құрметпен қарайды. "Балаларым еліміздің лайықты азаматы болып өседі деп үміттенемін. Көпбалалы әке бастапқыда кішігірім қақтығыстардың болғанын айтады. "Бастапқыда оларға қиынға соқты, әсіресе қыздар жағы, оларды бөліп, ренжітіп қоятын, ал қазір - бірлігі жарасқан отбасымыз! Менің балаларым оларға бауыр басып қалды, тіпті қайсысының өз балаң, ал қайсысының өз балаң емес екенін де ажырата алмай қалатын жағдай болады, бір-бірін құрметтеп, қарасады", - деді ол.

Полицей бала асырап алу туралы ойын айтқанда туыстарының қатты таңғалғанын да жасырмады, кейбірі тіпті қарсы болыпты, бірақ қазір олар материалдық жағынан да, рухани жағынан да көмектерін аямайды екен.


© Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай