Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Жаңаөзенде 93 жастағы ене өзіне кесе лақтырған келінін сотқа берді

09 Қазан 2015, 15:59
0
© haberler.com
© haberler.com

93 жастағы енесіне кесе лақтырған Жаңаөзен тұрғынына 49 550 теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Арызданушының айтуынша, оқиға кешкі ас кезінде болған. Ұрыс немересіне бола туындапты. Әйелге ҚР ҚК "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру" бабы бойынша айып тағылды.

Оқиға 2015 жылы 18 маусымда болған. Айта кетейік, 93 жастағы әйел сотқа арызданып, оның келіні қарсы арыз жазды. Соттың қаулысымен екі арыз бір өндіріске біріктірілді. Енесінің айтуынша, келіні кесені оған қарай лақтырып, қолын жарақаттаған. Бірақ келіні бұл айыпты енесіне тақты. Сот-медициналық сараптамасы бойынша, екеуі де жеңіл жарақат алған. "Сот отырысында сотталушылар өздерінің кінәсін мойындаған жоқ. Айыпталушы К. (келін - Авт.) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деп хабарлады соттағылар.

Соттың мәліметінше, үкім заңды күшіне енген жоқ. Соттың үкіміне келтірген енесінің апелляциялық шағымы негізінде іс Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасында қарау үшін жолданды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай