14 қыркүйек 2018 10:38

Қалада жүрген марал павлодарлықтарды әбігерге салды: Оқиға орнына әкім келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/tipavlo © Instagram.com/tipavlo

Павлодарда марал жылу өтетін жолдардың құбырында тұрып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда марал жылу өтетін жолдардың құбырында тұрып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 14 қыркүйекте болған. Куәгерлер жануарды видеоға түсіріп, Instagram желісінде жариялады. Оқиға орнына құтқарушылар мен мал дәрігерлері, сондай-ақ, Павлодар әкімі келген.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімі Әнуар Күмпекеев сол кезде қаланы аралап жүрген.

"Қала әкімі жұмыс бабы бойынша қаланы аралап жүрген, Ломов көшесінен өтіп бара жатқан кезде әкім жылу өтетін жолдың маңында арнайы техника мен бір топ адамды көрген. Сондықтан тоқтаған", - деп хабарлады Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Олардың айтуынша, әкім жануарды құтқаруға атсалысқан жоқ.

"Бүгін таңертең жылу өтетін жолдағы құбырда марал тұрып қалды. Біздің қызметкерлер мен құтқарушылар оқиға орнына барды. Кейіннен мал дәрігерлері келіп, жануарды қарап көрмекші болды. Бірақ ол құбырдан өз бетінше шығып, өзен жаққа қарай жүгіріп кетті, - деді Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің директоры Дәулет Қонақбаев.

Оның айтуынша, марал қалаға Ертіс алқабынан келген.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети