23 қазан 2015 12:24

Қарағанды облысының әкімі Президенттікіндей костюм сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі жолдаған сурет Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі жолдаған сурет

Қарағанды облысының әкімі Президенттікіндей костюм сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысының әкімі Президенттікіндей костюм сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қазақстан Президентінің ізімен жүріп, My President жаңа топтамасынан костюм сатып алды. Өңір басшысының аяқ киімдері де отандық өндірістікі - қарағандылық фабриканың өнімі", - деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметіндегілер.

Костюм шымкенттік "Алтын Адам" фабрикасында тігілген.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі жолдаған сурет

"Классикалық үлгі, сапалы мата, бәсең реңк - әсіресе көк және сұр түстер - мұның барлығы жалпы алғанда, іскер әрі салмақты адамды бейнелейді. Өніміміздің Әбдібеков мырзаға ұнағаны үшін қуаныштымыз, алдын ала өлшеусіз де тамаша жарасты", - деді фабриканың астаналық филиалының директоры, дизайнер Айжани Нұрланова.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай костюмнің бағасы 25-50 мың теңге аралығында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Назарбаевқа костюм тіккен дизайнер Айжани Нұрланова оның бағасын айтты. Дизайнердің сөзіне қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа арналып тігілетін костюмдердің маталары мен технологиясы қалған өнімдерге дәл солай қолданылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети