Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Қазақстан олимпиадашыларының киімі таңдаулылар тізіміне енді

10 Ақпан 2014, 09:54
0
"Қазақстанның Олимпиада құрама командасы спортшыларының "Сочи-2014" Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында киген костюмдері таңдаулылар тізіміне енді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан спортшыларының костюмдері сәнді, ығайлы, дәлдігімен журналистердің есінде қалды. Сондай-ақ Бермуд және Кайман аралдары спортшыларының шолақ шалбарлары, Германия құрамасының түрлі-түсті киімі, Ұлыбритания ойыншыларының құлақшыны, АҚШ құрамасының жұлдызды-жолақты костюмі, Швед спортшыларының шалбары, Тонга Бруно Банани елінің жалғыз спортшысының костюмі есте қалыпты.

"Сочи-2014" XXII Қысқы Олимпиада ойындарының жарысы ақпанның 8-күні басталды. "Сочи-2014" ойындары бірнеше рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сочи Олимпиядасына 88 мемлекет қатысып отыр. Бұл көрсеткіш Ванкувер олимпиадасымен салыстырғанда 6 мемлекетке артық. Сонымен қатар Сочиде 98 медальдар топтамасы сарапқа салынады, ал 2010 жылғы олимпиада ойындарында 12 медальдар топтамасы кем ойнатылған еді. Сочи Олимпиадасы 23-ақпанға дейін жалғасады.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық спортшылар Сочи Олимпиядасына 58 лицензия жеңіп алған болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай