Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қазақстандағы қызығарлық 5 бойдақ жігіт

18 Шілде 2015, 19:23
0
© Pandaland.kz
© Pandaland.kz

Pandaland.kz отбасылық порталы Қазақстандағы қызығарлық бес бойдақ жігіттің тізімін жасады. Тізімдегі талантты, сымбатты жігіттер сүйіктілерін әлі тапқан жоқ. 

1. Асхат Мырзабаев - 2 миллион доллар табысын қайырымдылық қорына жұмсаған 25 жастағы қазақ жігіті. Қазақстандық жас маман Ұлыбританиядағы Barclays ірі банк тобында жарты жыл қызмет етіп тапқан табысын қатерлі ісікке қарсы халықаралық орталыққа жіберді.

2. Ең жас әрі табысты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қазақстандық қыздардың арманы. Оның марапаттары мен медальдарын санау мүмкін емес. Денис музыка мектебінде фортепиано бойынша дәріс алып, хорда ән салған. Ол Корей империясын басқарған белгілі генерал Мин Гын Хоның ұрпағы.

3. Қазақстандық жас әнші "Славян базары-2015" жеңімпазы атанғанда барлық қыздар оның даусына қайран қалды. Ол әлі бойдақ әрі өте сымбатты... Димаш Құдайбергеннің әдемі қабағының астында сұлу жаны жасырынып жатыр.

4. Отбасылық өнерді жалғастырып келе жатқан Әли Оқапов та бойдақтардың қатарында. Әлидің анасы Роза Рымбаева сұхбаттарының бірінде әже атануға дайын екенін айтқан болатын. Дегенмен ұлы үйленуге асығар емес. Талантты әншінің жүрегі кімге бұйырар екен?

5. Қолындағы неке сақинасының жоқ екенінен актер Әнуар Нұрпейісовтің де сүйіктісін жолықтырмағанын байқауға болады. Әнуар өз жартысын табу үшін аз еңбектенген жоқ. Тіпті қалыңдық іздейтін шоуға да қатысты. Сүйікті қызы жолықпаса да Әнуар берілген жоқ. Мұндай күйеу баласы бар кез келген ана өзін бақытты сезінері сөзсіз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай