Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Келінім қызымдай бола алмайды

04 Маусым 2014, 16:00
0
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 "Әдетте, жас келін босағаны аттағанда енелері «бір балам екеу болды, келінімді қызымдай көрем» деп жатады ғой. Алайда уақыт өте келе көптеген отбасыларда ене мен келіннің арасындағы кикілжіңнен шаңырақ шайқалып жатады. Сондықтан «келінім туған қызымдай, енем туған анамнан артық» деген жай ғана айтыла салған сөз. Өйткені қай заманда да ене келінді қызындай қабылдай алмаған және ешқашан олай болмайды да. Менің кейбір замандастарым елдің көзінше келінін мақтап, келінімді қызымдай көремін деп жатады. Бірақ шындығында ешқашан келінге енесі анасындай бола алған емес. Мен мұны өзім де ене болғандықтан жасырмай ашық айта аламын», – дейді "Алаш айнасына" хат жолдаған Гүлжан есімді автор.

"Менің екі келінім бар. Үлкен балам Нұралы мен келінім Гүлім бөлек тұрады. Олар қолымызда бір жыл тұрды, екінші ұлымыз отау құрған соң үлкен баланы бөлек шығардық. Кіші келінім Мәдинаның бізбен бірге тұрып келе жатқанына 4 жылдан асты. Бірақ осы жылдар ішінде келіндерім қызымдай болып кетті дей алмаймын. Өйткені меніңше, келін деген сөздің өзі "басқа үйден келген" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі келіндерге сөзің өтпейді, оларды айтқаныңмен жүргізу мүмкін емес. Мен бірге тұратын келініме қандай да бір ескерту жасасам, жақын адамының жанашырлығы секілді қабылдамайды, бірден қабағы түйіліп, жақтырмай қалады. Анасы балаларына ақыл айтса немесе ренжіп кейісе де туған ұлдары мен қыздары жүректеріне жақын алмайды ғой, ал келін бәрібір ата-ененің ескертуін дұрыс қабылдай алмайды. Мен бұны жақсы түсінемін. Өйткені өзім сегіз қыз, екі ұл тәрбиеленген үлкен отбасында өстім. Анам бізге қанша ұрсып, ұрып жатса да, оны жақсы көріп тұратынбыз. Ал келін болып өзге босағаны аттағанымда енем маған дауыс көтеріп сөйлемесе де оның әрбір сөзінен, көзқарасынан салқындық сезетінмін. Менің туған қызым жоқ. Егер тіпті болған күннің өзінде ол тұрмысқа шыққанда оның да енесі менің орнымды баса алмас еді деп ойлаймын. Ал ұлдардың жөні бөлек, олар отбасын құрғаннан кейін анасынан гөрі келіншегінің айтқанынан шықпайды. Келіншегіне бір ауыз сөз айтсаң, бірден күйеуіне жеткізеді, содан кейін баламызбен арамызда түсінбестік туып, ұрыс-керіс болады. Мұндай жағдай өз басымыздан да өтті. Біз де жас отбасы болып көрдік, ата-ененің қолында да тұрдық.

Мақаланың жалғасын "Алаш айнасынан" оқыңыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай