Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қираған зират үшін ауыл әкімін сотқа берді

05 Мамыр 2014, 09:42
0
Tengrinews.kz иллюстациясы
Tengrinews.kz иллюстациясы

"Мәскеу тұрғыны осыдан 28 жыл бұрын жерленген әкесінің мәйті жатқан зиратты қорланғаны үшін Батыс Қазақстан облысындағы Мичурин ауылдық округінің әкімін сотқа берді" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мегаполис" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Наталья Макеева Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы Плодоовощной ауылында туып-өскен. 1986 жылы әкесі қайтыс болып, оны Мичурин ауылдық округінің зиратына жерлеген. Одан соң Наталья Макеева Мәскеуге көшіп кетеді, алайда жылда әкесінің зиратына келіп тұрған. 2013 жылы әкесінің басына келген ол бейітке баратын жолды жауып тастаған жаңа жерленген молаға тап болады. Алайда қазіргі уақытта зират ресми түрде жабылып, онда мәйіттерді жерлеуге тыйым салынған.

Наталья Макеева Мичурин ауылдық округінің әкімі Бекқали Бержановқа мәселенің мән-жайын айтып, зиратты тәртіпке келтіріп, мәселені шешуді өтінеді. Арадан бірнеше ай өткенде зиратқа қайта келген әйел қоршаудың бұзылғанын, орындықтардың сынып жатқанын көреді. Көрші қоршаулар ығыстырылған. "Дұрыстағаны осы ма? Бұлай ететін болса, ендігі келгенімде әкемнің моласын да таба алмай қалатын сияқтымын ғой" деп күйінеді ол.

Енді Макеева Бержановтан моралдық өтем үшін 100 мың теңге талап етіп отыр. Оның пайымдауынша ескі зиратқа жаңадан мәйіт жерлеуге әкім рұқсат берген. Сондай-ақ ол "әкім ескі зираттан орын сатып отыр" деген күдігі бар екенін айтады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай