Алматыда Көктөбеге апаратын аспалы жол жөндеуге жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне саябақ өкілі айтты.
Алматыда Көктөбеге апаратын аспалы жол жөндеуге жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне саябақ өкілі айтты.
Аспалы жолды қалпына келтіру жұмыстары 1 қыркүйекте басталды. Жоғарғы және төменгі станциялар мен техникалық тіректер жөнделді. Қолданыстағы желінің орнына жаңа гондола типті жол салынады. Құрылыс кезінде Көктөбе саябағы штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Көктөбеге арнайы автобустар ж.реді, қонақтардың жеке автокөліктері үшін тұрақ қарастырылады.
Көктөбеге апаратын жаңа гондола жолы бұрынғы орнында болады. Саябақ өкілінің айтуынша, құрылыс салушы фирма жөндеу жұмыстарының жоспарын анықтап қойды. Аспалы жол маңында тұратын тұрғындарға қолайсыздық тумайды.
Еске сала кетейік, Көктөбеде жаңа гондола жолын салумен франциялық компания айналысады. Жоспарға сәйкес, 2015 жылдың маусым айында алматылықтар мен қала қонақтары Көктөбеге жаңа типтегі он орындық кабиналармен көтерілетін болады. Айта кетейік, Көктөбедегі аспалы жол соңғы рет тоғыз жыл бұрын жаңартылған. Көктөбе саябағы басшыларының айтуынша, ол техникалық талаптарға жауап бергенімен ескірді деп саналады. "Қазір жолаушыларды екі вагон тасиды: көк және қызыл, қатынау аралығы - 15 минут. Жолаушыларға вагондарды күтіп отыруға тура келеді. Бір маусымда қазіргі гондола жолы күніне 2000-ға жуық адамды тасымалдайды. Аспалы жол жолаушылар ағынын игере алмай тұр, сондықтан оны түгел жаңарту үшін француз компаниясын тартуға шешім қабылданды", - дейді саябақтың бас директоры Нұрлан Қазиев.
Орындаушы компанияның экспорт жөніндегі директоры Фабьен Феллидің айтуынша, бастапқы жобада 17 вагон қарастырылса, келешекте олардың санын 24-ке дейін көбейту жоспарланып отыр. Дегенмен бұл жаңалыққа оң қабақ танытпай отырғандар да бар. Алматылық гид Вячеслав Рыбкиннің айтуынша, ретростильдегі кабиналары бар қазіргі аспалы жол қаланың өзіндік ерекшелігі болатын. Енді ескі кабиналар Көктөбе саябағындағы жәдігерлердің біріне айналады.