22 ақпан 2016 09:08

Қостанай облысында анасы мен баласы 24 жылдан кейін табысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kstnews.kz © kstnews.kz

Қостанай облысында балалар үйінің тәрбиеленушісі Марат Бучиев өз анасын 24 жылдан кейін тапты. Сөйтсе, осы уақыт бойы оған аты-жөніндегі "и" әрпі кедергі болып келіпті, - деп жазады "Қостанай жаңалықтары".


Қостанай облысында балалар үйінің тәрбиеленушісі Марат Бучиев өз анасын 24 жылдан кейін тапты. Сөйтсе, осы уақыт бойы оған аты-жөніндегі "и" әрпі кедергі болып келіпті, - деп жазады "Қостанай жаңалықтары".

"Ес білгелі Бучиева деген фамилиясы бар әйелді іздеппін - мұндай фамилия құжатымда жазылған екен - бірақ таппадым. 2008 жылы балалар үйінен шықтым, "Тазалық" жол жұмысшысы болдым, көлік жуу мекемесінде, ТЖО-да, жүкші болдым, тіпті моншаға сыпырғы да жасадым. Осы уақыт бойы анамды іздедім. Маған өмірімде Төлегеновтер отбасы көмектесіп келді, олар анамды да тауып берді. Сөйтсек, оның фамилиясы Бучнева екен... Ұйықтар алдында ойланумен боламын, тағдырыма бір әріп қалайша өзгеріс жасай алды екен деп", - дейді Марат Бучиев.

Мараттың анасы Ресей шекарасына бір шақырым жердегі Победа ауылында тұрады екен. Осы елді мекенде бала мен ана табысады.

"Кешір мені, ұлым. Мен саған қазір барлығын да айтып беремін. 1991 жылдың 28 желтоқсанында мені тастап кеткен ер адамнан сені босанып алдым. Қайта құру кезеңі, жұмыссыздық болды, бала босанғаннан кейінгі күйзелісім - есімде ештеңе де қалмапты. Сол ер адаммен байланыстыратынның бәрінен бас тарттым, сенде тіпті анаң жақтың тегі болды. Есімді жиғаннан кейін сен жайлы сұрастыра бастадым. Бірақ сені өлді деді, сен әлсіз болып тудың ғой, 2240. Сосын сені әкеңнің шешесі алып кетіпті деп айтты. Кейін сенің балалар үйінде екеніңді айтты. Сол күннен бастап қиналып келдім, әр жылдың 28 желтоқсаны мен үшін қаралы күн еді. Сені іздегіміз келген. Кешірші мені, құлыным... Табылғаныңа рақмет", - деді баласына шешесі Рахиля Бучнева. Ол Мараттың жеті бауырының бар екенін айтып берді. 


© kstnews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети