15 сәуір 2016 17:57

Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні: Махаббаты ең берік жұптың тарихы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айнаш Өндіріс © Айнаш Өндіріс

Қазақстанның махаббаты ең берік жұбы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген алматылық ерлі-зайыпты Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнінде ұзақ әрі бақытты өмірдің құпиясын бөлісті. 95 жастағы Сұлтан Жиенбаев пен 94 жастағы Нұрания Әділшина Tengrinews.kz тілшісіне 72 жылдан бері бірге екендерін айтып берді. 


Қазақстанның махаббаты ең берік жұбы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген алматылық ерлі-зайыпты Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күнінде ұзақ әрі бақытты өмірдің құпиясын бөлісті. 95 жастағы Сұлтан Жиенбаев пен 94 жастағы Нұрания Әділшина Tengrinews.kz тілшісіне 72 жылдан бері бірге екендерін айтып берді. 

Отағасының айтуынша, жарымен ол 1945 жылы Түрксібте жұмыс істеп жүргенінде танысыпты. Жары мемлекеттік арбитр болып жұмыс істеген екен. Танысқаннан кейін 15 күн өткенде ол сүйіктісіне ұсыныс жасапты, себебі ол оқуға кетуі керек болыған. Жас жұптың үйлену тойы қарапайым, асып-тасусыз өтіпті. "Біз үйлендік, сосын мен екінші күні Мәскеуге кетіп қалдым. Ешкіммен кеңеспедім, ешкімге айтпадым, оған "Үйленейік" дедім, ол келісім берді. Сөйттік те АХАЖ-ға барып, тіркелдік. Сосын той өткіздік, ол уақытта соғыстан кейінгі жылдар қиын еді, азық-түлік алу қиын болды. 20 адамға дастархан жайдық", - деп еске алды Сұлтан Жиенбаев.

"Таяуда, үйленгенімізге 70 жыл толғанда мен балаларым мен немерелерімді жинадым. Ашығын айтқанда, біз үйленгенде жарыма неке сақинасын бермеген едім. Мұндай дүниелерді түсінбейтінмін. Сөйтіп, 70 жыл өткенде қатемді түзеп, жарыма неке жүзігін сыйладым", - деді ол.

Сұлтан Жиенбаев осы жылдар бойы қатардағы инспектордан Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметіне дейін көтерілген. Ол аянбай еңбек етіп, Нұранияның қорғаны бола білді. Нұрания үй шаруашылығымен айналысып, балаларын бағады. "Жас кезімізде ұрысуға уақыт болмады, жұмыс істедік. Бір пәтерде жеті адам тұрдық - біз, ата-анамыз және қарындастарымыз. Бір бөлмеге сыйдық. Солай өмір сүрдік, отбасымыз тату-тәтті ғұмыр кешті", - дейді Нұрания Әділшина.

"Пәтердің жағдайы болмағандықтан, отын жарып, таңнан пеш жағып, жарым барлығына да үлгерді, мен болсам жұмыста боламын", - деп еске алады Сұлтан ата. 

Отасқанына 72 жыл толған жұп шынайы махаббат пен бақытты ғұмыр кешудің құпиясын ашты. 

"Әрине, қиындықтар болды, бірақ біздің қанша жыл бірге екенімізді білесіз бе? Ол маған әрқашан құрметпен қарап, туыстарыма көңіл бөлді, нағыз досым бола білді. Әрқашан жағдайымды жасап, дәмді тағам пісірді. Бұл да маңызды, біле білсеңіз әйелің саған жақсы қарап, адал әрі туыстарыңа құрмет көрсетсе, бұл өте маңызды. Осы жағдай бізді берік ете түсті", - дейді Сұлтан ата.

Сонымен қатар, олар қазіргі жастардың ажырасып жатқанын айтып, налыды. "Қазіргі жастар ұрысып қалса, бірден ажырасуға асығады. Бізде ондай болмаған. Ұрысып қалсақ та, ондай әдітіміз жоқ болды. Сөйлеспей қою, өкпелеу деген ешқашан болған емес. Мен бәрін ұмытамын. Біз ешқашан ажырасу туралы сөйлескен емеспіз. Бір-біріміздің пікірімізді әрқашан тыңдай білеміз", - деді Нұрания Әділшина.

Олар үш баласын өсіріп, жеті немересін және 13 шөбересін бағып отыр. Ғашықтар күнін ең берік әрі бақытты жұп өз отбасылық дастарханында атап өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети