Қырғызстан ішкі істер министрлігінің жедел қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Алманбет Анапияевті өлтіруге күдіктілердің қатарына қосып қойды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек".
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің жедел қызметкерлері ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Алманбет Анапияевті өлтіруге күдіктілердің қатарына қосып қойды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек".
Қырғызстан ІІМ мәліметінше, Минскіде өлтірілген қылмыскердің ісіне қатысты фотосуреттерді жариялауда түсінбестікке жол берілген. Қылмысқа қатысы бар адамдарды тану рәсімі үшін фотосуреттер Интернеттен алынған. Олардың арасына Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің фотосуреті де кездейсоқ тап болған.
"Анапияевтің өліміне куә болған адам іске Қырғыз Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі экс-басшысы Жаныш Бакиевтің қатысы барын айтқандықтан, жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасы экс-президентінің ағасына ұқсас адамдардың фотосуреттерін көрсеткен болатын", - деп түсіндірді Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері.
Басылымның мәліметінше, Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Алманбет Анапияевтің Минскіде 20 ақпан күні өлтірілгенін хабарлады. Анапияев асқан айуандықпен өлтірілген - кескіленген пышақ жарақатынан оның денесінің сау-тамтығы қалмаған. Оқиға орнын қарау кезінде мәйіттің маңынан Алмазбек Шәкіровтің атына берілген Ресей төлқұжаты табылды.
Айта кетейік, Қырғызстан ішкі істер ведомствосы әзірше ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан ресми түрде кешірім сұрай қойған жоқ.