03 қыркүйек 2014 13:57

Құрманғазы мен Пушкинді "сүйістіргендерден" миллион теңге талап етіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер авторларынан моральдық өтемақы ретінде миллион теңге талап етіледі, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Құрманғазының ұрпағы Нұркен Халықбергеннің мүддесін қорғаушы заңгер Асқар Қаймақов айтты.


Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер авторларынан моральдық өтемақы ретінде миллион теңге талап етіледі, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Құрманғазының ұрпағы Нұркен Халықбергеннің мүддесін қорғаушы заңгер Асқар Қаймақов айтты.

Моральдық шығын өндіру туралы талап арыз Алмалы аудандық әкімшілік сотына берілді. Заңгер өндірілетін шығын сомасын жәбірленуші тараптың субъективті түрде бағалағанын айтты. Қаймақовтың айтуынша, Халықберген өзін ақшаға мұқтаж азамат санамайды, сол себепті ол төлемдерді алушы ретінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын көрсетті. Талап арызда жауапкер ретінде Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің қызметкерлері көрсетілген.

Еске салайық, "Студия 69" клубын жарнамалайтын принт Орталық Азия жарнама жасаушылары арасында өткен Red Jolbors Fest байқауынан кейін танымал болған еді. Бұл жұмыс "Сыртқы жарнама" номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алған. Бұдан соң жұртшылық арасында наразылық басталды. Қоғам қайраткерлері мен блогерлер және Құрманғазының ұрпағы Алматы қалалық ішкі істер департаментіне шағым түсіріп, Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігін әкімшілік жауапкершілікке тартуды сұрады.

Жарнама агенттігі Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрғаны бейнеленген постер үшін кешірім сұрады. Авторлар постер идеясының адамдардың шағын тобы, дәлірек айтқанда, байқау үшін жасалғанын айтып, оны басып шығармауға, еш жерге орналастырылмауға және жарияламауға уәде берді. Ал "Студия 69" клубы болса, бұл постерге біздің еш қатысымыз жоқ деп мәлімдеді. Клуб өкілдерінің айтуынша, олар мұндай жарнамаға тапсырыс бермеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети