Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

Қызылордалықтар саны 10 жылда 133 мың адамға артты

18 Ақпан 2014, 17:57
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Қызылордалықтар саны соңғы 10 жылда 133 мың адамға артты. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша Қызылорда облыс тұрғындарының жалпы саны 740,4 мың адамға жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Деректерге сүйенсек, облыс тұрғындары осыдан тура он жыл бұрын 607 491 адамды құраған еді. Нәтижесінде он жылдың ішінде жергілікті халық 133 мың адамға көбейген. Сондай-ақ, өткен жылдың басында қызылордалықтардың жалпы саны 726 мың адамды шамалады.

Сыр өңірі тұрғындарының 57,2 пайызы ауылдық жерді мекен етеді. Былтыр 20253 нәресте жарық дүние есігін ашқан. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 104 шаранаға өскен. Жалпы халықтың туу коэфициенті 1000 тұрғынға есептегенде 27,61-ді құрайды. Өлім көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 266 адамға азайып, өткен жылы 4412 адам өмірден өткен. Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің басым негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің аурулары алады (22,1 пайыз).

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай