16 наурыз 2016 | 14:44

Мәдениет министрі Астанадағы даулы мүсінге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы "Ғашықтар" скульптурасындағы қыздың эротикалық белгілері алып тасталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Желіде дау туғызған мүсінге қатысты пікірін айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы "Ғашықтар" скульптурасындағы қыздың эротикалық белгілері алып тасталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Желіде дау туғызған мүсінге қатысты пікірін айтты.

Соңғы уақытта БАҚ-тарда Астанда 11 жыл бұрын салынған мүсінге қатысты дау туған еді. Кейбір қазақстандықтың айтуынша, мүсіндегі мейірімділік пен пәктікті сипаттайтын қыз тым ашық киімде тұр.

"Шынымды айтсам, бұл мүсін жастар үшін де жасалды. Астананың суретшілер одағының төрағасының айтуынша, ол мұның көркем туынды екеніне әділ баға берді. Алайда, біз өз дәстүріміз бар елміз. Халықта наразылық болып жатқанын біз есепке алуымыз керек", - деді министр Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп жатып.

Министр қыздың сымбатын Астана тұрғыны Талғат Шолтаев секілді матамен жабудың қажеттілігі жоқ деп есептейді.

"Мүсінге мата жабудың қажет жоқ. Кейбір жерін өзгертуге болады. Бұл әлемдік тәжірибеде қарастырылған. Біз қазір комиссия құрып, авторына кей тұстарына өзгерістер енгізуін айтамыз. Мұндай жағдай әлемдік тәжірибеде қарастырылған. Егер халықтың белгілі бір пікірі болса және ол әсер етсе, әрине, біз оған жауап беруіміз қажет", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Ол мүсін композициясына өз бағасын берді. 

Оның айтуынша, мүсін композициясы жастардың екпінін, әйелдің тазалыққа деген құштарлығын көрсетеді. "Мен шығармашылықтың адамымын. Көркемдігі жағынан жоғары баға берер едім. Бұл мүсін керемет жасалған. Алайда Қазақстанда әрбір адамның пікірі бар және оны біз есепке алуымыз керек. Меніңше, болашақта авторлар азаматтарымыздың пікірін есепке алады", - деп білдірді пікірін министр.

Осыған дейін Астананың Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков ескерткіш жайлы пікірін айтқан болатын. Оның толық пікірін мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети