Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Марк Цукерберг мектебіне балалар туылмай тұрып қабылданады

24 Қазан 2015, 13:09
0
© Facebook / Mark Zuckerberg
© Facebook / Mark Zuckerberg

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы  Марк Цукерберг әйелі Присциллой Чанмен бірге тегін басауыш мектебін ашуды жоспарлап отыр. Мектепке балалар туылмай тұрып қабылданады,  - деп хабарлайды Lenta.ru Цукербергтің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Оқыту үш жастан басталады. Оқушыларға мектепті бітіргенге дейін, яғни 12 жасына дейін қызмет көрсетіледі. Оқу ғимараты Калифорния штатының Ист Пало Альто қаласында болады. "Присцилланың білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін біріктіретін жаңа мектеп түрін ашып жатқаны үшін қуаныштымын", - деді Цукерберг.

Мектептің оқушылары аз қамтылған отбасылардан болады. Бастауыш мектепте медициналық орталық жұмыс істейді. Сонымен қатар, жүкті әйелдердің осында босануына мүмкіндік беріледі. "Денсаулық пен білім беру тығыз байланысты. Егер балалар ауырса, олар білім ала алмайды. Көптеген бала мен мұғалімдер денсаулығының нашарлығы салдарынан зардап шегіп жатады", - деді Цукерберг.

Мектеп 2016 жылдың тамызынан бастап жұмыс істейді. Facebook шілде айының аяғында әйелінің бала күтіп жүргенін мәлімдеген болатын. Ерлі-зайыпты бірнеше жыл бойы балалы болуға тырысты. Дегенмен Присцилла үш рет түсік тастады. "Біз түсік тастау мерзімінен өтіп кеткеніміз үшін қуаныштымыз. Біз қатты үміттенеміз", - деді әлеуметтік желінің негізін қалаушы. Оларға мектеп ашу туралы ой Присцилланың жүктілігінен кейін келгені анық.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай