Моншада тұрып жатқан талғарлық отбасыға баспана берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы облысында танымал меценат моншада тұрып жатқан көпбалалы отбасыға жаңа салынған үй сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында танымал меценат моншада тұрып жатқан көпбалалы отбасыға жаңа салынған үй сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жас көпбалалы отбасы Қуаныш пен Мақпал Жанболатовтар Ұйғыр ауданының тумасы, екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. Кенже ұлы Мирас үш айлық. Отағасы Қуаныш - балалар үйінің тәрбиеленушісі, сондай-ақ жарақат алған соң, оның бір көзі көрмей қалған. Бірақ, қиындықтарға қарамастан, ол үйіне жақын орналасқан базарда әр түрлі жұмыс істейді. Отбасы ескі моншада тұрып келген, оны тұрғын үй ретінде жасақтаған. Ылғал салдарынан балалар жиі ауырып, үй жылымайтын болған. Осы баспана үшін олар ай сайын 17 мың теңге төлеп келген. Моншада тұратын отбасы жайлы Facebook желісіндегі Online Qazaqstan тобында видео жарияланды.

"Отбасының қайғы-қасіреті туралы әлеуметтік желі арқылы білдік, - дейді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел. - Таңертең облыс әкімі мессенджер арқылы келген бейнероликті көрген. Алайда видео арқылы осы отбасының дәл қайда тұратыны анық емес еді. Нәтижесінде біз оларды Талғар ауданының Гүлдала кентінен таптық және сағат 16:00-де олардың үйінің ауласында болдық".

Алматы облысының әкімі осы отбасыға барды. "Біз қонақтарды күтпедік, біреу есікті қақты. Мен есікті ашқанымда онда Амандық Баталов тұр. Ол басқа адамдармен бірге үйге кірді. Балаларымен амандасып, үлкен балаларды қолынан алып, бізге өзімен бірге жүруін сұрады", - дейді Қуаныш Жанболатов.

Көлік Тұрар Рысқұлов кентіне отбасын апарып, оларды танымал меценат әрі кәсіпкер Асқар Сүлейменов қарсы алды. "Мен сіздердің жағдайларыңызды білгенде кәсіпкерлерді көмек көрсетуге шақырдым. Асқар Фазылұлы қол ұшын берді, енді міне бұл жаңа үй сіздердікі. Бақытты болыңыздар", - деді облыс әкімі.


© Tengrinews.kz

Отбасымен бірнеше сағат бұрын ескі моншада тұрған Қуаныш өзінің таңырқап қалғанын жасырмады. Ал балалар алдымен қонаққа келдік деп ойлаған. Бірақ кейін өзара бөлмелерді бөле бастады.

"Біз бюджет қаражатынан бастап меценаттарға жүгінгенге дейін қолдаудың түрлі нысандарын пайдалана отырып, осындай отбасыларға көмектесуге тырысамыз. Мысалы, бұл күні Жанболатовтар отбасынан басқа, Қарасай ауданында көп балалы Қасымовтар отбасына да қолдау көрсетілді. Бұл отбасы ақауы бар пешпен лашықта тұрды. Қазір олар уақытша тұру үшін басқа үйге көшірілді. Оларға үй салу үшін учаске бөлінді. Сонымен қатар, отбасының ересек мүшелері жұмыссыздық бойынша есепке алынды. Әлеуметтік төлемдерді алу үшін басқа да құжаттар ресімделеді. Бақытты баспана иегерлеріне келер болсақ, Қуаныш осы ауылдық округте жұмыс тауып, оған мүгедектікті рәсімдеуге көмек көрсетіледі. Меценат Асқар Сүлейменов Қуанышқа өзіне сай келетін жұмыс тауып беруге уәде берді", - деп қорытындылады әкімнің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro