Германиялық белгісіз ер адам бұрынғы сүйіктісінен ерекше жолмен кек алды. Құрбысымен ажырасып кеткен ол екеуіне ортақ заттарды екіге бөліп, өзіне тиесілі бөлігін eBay интернет-аукционындағы парақшасына сатылымға қойды, ал қалған бөлігін бұрынғы ғашығына жолдады, - деп хабарлайды news.com.au. 

Ер адам төсек, орындықтар, ойыншық, күйтабақ, велосипед, теледидар, iPhone 5, ноутбук, мотоцикл каскасы, тіпті автомобильді де қақ ортасынан бөліп тастады. Ол өзінің іс-әрекетін видеоға түсіріп алған. Кейін "Лаура үшін" деген атаумен YouTube сайтына жүктеді.