11 қараша 2018 | 12:01

"Өлсең де бермеймін": Дәрігер науқастың өмірі үшін маңызды дәріні беруден бас тартқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Интернетте видеоролик тарап жатыр, онда ресейлік аурухана дәрігері инсулині таусылған қызды қабылдаудан бас тартты. Ол науқастың қолында талонның болмағанын алға тартып, онсыз қабылдамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Интернетте видеоролик тарап жатыр, онда ресейлік аурухана дәрігері инсулині таусылған қызды қабылдаудан бас тартты. Ол науқастың қолында талонның болмағанын алға тартып, онсыз қабылдамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз ертерек келе алмауының себебін түсіндіруге тырысты, ол басқа қалада болғанын айтып, ал дәл қазір өмірі үшін маңызды препараттың таусылып қалғанын жеткізді, ол - инсулин және ол күте алмайды. "Өте жаман. Уақытында келу керек", - деді дәрігер, науқастың амбулаториялық картасын еденге лақтырып, былай деді: "Өлсең де, бермеймін".

Кейін бұл оқиғаның 7 қарашада Краснодар өңірінің Северский ауданындағы Орталық ауруханада болғаны анықталды. РИА Новости агенттігінің мәліметінше, аудан басшысының әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Марина Наумейко дәрігердің қызметінен босатылғанын хабарлаған. Аурухана әкімшілігі науқастан кешірім сұрап, дәріні берген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 513.05   541.44   4.69 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети