11 наурыз 2014 20:25

Оралда оқу ақысын төлей алмаған зейнеткер-студент оқудан шығарылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зейнеткер-студент Мұрат Ғұбайдуллин. Фото  ©mgorod.kz Зейнеткер-студент Мұрат Ғұбайдуллин. Фото ©mgorod.kz

Оқу ақысының өсуіне байланысты 68 жастағы студент Мұрат Ғұбайдуллин оқудан шығарылмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап. Бұған Оралдағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде оқу ақысының күрт көтерілуі себеп болып отыр. Бұған дейін оқу ақысы 70 мың теңге болса, қазір 100 мың теңге төлеу керек. Ал оқу ақысын уақытында төлемеген студенттер оқудан шығады. Біз сөз етіп отырған 68 жастағы зейнеткер-студент осы оқу орынының заң факультетінде 4-курста оқиды. "Зейнетақым 30 мың теңге. Оқуды аяқтауыма екі жыл қалды. Мен тек бестік бағамен оқимын" дейді ол. Зейнеткер өзінің саяжайынан жаяу келіп оқиды. Жолдың қашықтығына қарамастан сабақтан мүлде қалмайды. Оның оқу үлгерімі өте жақсы. Ақысын төлей алмағаннан өзге оқудан шығаруға ешқандай себеп жоқ. Зейнеткер-студент "өзін оқудан бұлайша шығару болашақтағы адвокаттық мансабына кері әсер ететінін, бұл салада барынша адал еңбек еткісі келетінін, тек оқуға мүмкіндік берілсе жететінін, кеңес одағы кезінде оқып білім алуға жағдайы болмағанын" - айтады. Сондай-ақ Ғұбайдуллин оқу ақысын төлеуге көмектескендерге азаматтық құқын қорғауға жәрдемдесетінін де айтып өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети