Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Президент Әкімшілігі мен терминком құптаған әскери сәлемдесу үлгісіне неге салғырт қарап жүрміз?

06 Маусым 2014, 16:33
0
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Құрметті Серік Нығметұлы, Сіздің назарыңызды аудартқымыз келгендегі мақсатымыз – әскери термин. Әлбетте, әскердегі сарбаздар арасындағы қатынас тілі Тәуелсіздіктің арқасында біршама түзелген. Тіпті, қазір армияға барып мемлекеттік тілді әжептәуір меңгеріп келіп жүргендерді байқаймыз. Дегенмен, саптағы тіл тұтас тазарған емес, әлі де алашұбар. Десе де, тілдің кез-келген жерінен төңкеріс жасаудан аулақпыз. Ал айтпағымыз Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы арқасында Президент Әкімшілігімен құпталған «Армысыңдар, айбынды сарбаздар!» атты әскери сәлемдесу үлгісінің жай-жапсары еді. Парламент Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл ұсынған осы сәлемдесу үлгісінің аяғы неге сиырқұйымшақталып кете берді?  "Алаш айнасы" осы мәселені сіздің назарыңызға ұсынуды жөн көрді.

«Елбасы айтқан қанатты сөздің бірі: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, бүгінгі таңдағы қазақ ұлтының бейнесі – түрінде ғана емес, тілінде болуға тиісті. Тіл мәселесін түбегейлі өзгерту үшін мемлекетіміздің ұстанымы, басшылығы бүкіл демократиялық құндылықтардың барлығын өзге елдерден асырып болмаса, жасырып жатқан жоқ. Мұның барлығы айқын. Елбасы сонымен қатар, 2020 жылдары мемлекеттік тілді меңгерген халық саны 95 пайызға жеткізуді міндет етті. Осы бағытта жұмыстар атқарылуын қадап айтты. Ал сол 95 пайызға жеткізу үшін бүгін қолға іс алынбаса, тілді меңгергендер көктен түсе ме? Қалай жеткіземіз? Сондықтан да, Парламентте біз – мемлекеттің заң шығарушы органы – белсенді жұмыс атқаруға тиіс екеніміз де рас. Парламент – мемлекеттің төбесі болса, төбедегі төрелер төмендегі бұқара халықпен мемлекеттік тілде сөйлемейінше, оның мәртебесі мығым болмасы да анық. Парламент аясында қазақи ортаны қалыптастырып та жатырмыз», - дейді Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл бізбен тілдескенде.

Расында, депутаттар арасында тіл мәселесіне келгенде көзге түсетіндер көп емес. Дей тұрғанымен, мемлекеттік тіл мәртебесі сөзге емес, іске, нәтижеге көбірек тіреледі емес пе? Өзін тіл жанашыры, ұлт патриоты санайтын кез-келген азамат өз саласында тілдік мүддеге сай іс атқарса ғана жұмыс табандап тұрып қалмайды. Бұл әскери салаға да өте-мөте қатысты дүние.

Ал мәселенің мәнісіне көшсек, 2006 жылы Бақытбек Смағұл Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа хат жазған болатын.

Мақаланың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай