Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ресейде еркекке айналған әйел Франциядан саяси пана алды

24 Ақпан 2015, 17:11
0
Роман Сорокин. ©rusadvocat.com
Роман Сорокин. ©rusadvocat.com

Ресейлік трансгендер Роман Сорокин Франциядан саяси пана алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі адвокаттар қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қауымдастықтың қорғауындағы Сорокинге 2015 жылдың 21 ақпанында Франция билігі саяси пана беру туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда 40 жастағы Роман Сорокиннің қолында босқын мәртебесін растайтын құжат та бар.

"Роман Сорокин оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, қорғаушысының үйінде тінту жүргізілгенін білгелі бері, яғни 2013 жылдың тамызынан бастап Францияда жүр. Сонымен қатар, Ресейдегі LGBT ұйымы Сорокинге жақтасқандар мен қарсы болған белсенділерді ұстауға әрекеттенген болатын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Роман Сорокин жынысын өзгерткеннен кейін оны кемсітіп, ізіне түсушілердің пайда болуына байланысты Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі адвокаттар қауымдастығының көмегіне жүгінген. Роман Сорокин 33 жасында жынысын әйелден еркекке ауыстырып, өзіне гормондық терапия жүргізген дәрігер әйелге ғашық болды. Роман мен дәрігер әйелдің арасындағы көпжылдық қарым-қатынастың арты қоғамнан теперіш көруге ұласты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай