19 маусымда Парижден Мәскеуге ұшатын "Аэрофлот" рейсінің жолаушылары мас әйелдің бизнес-класста шығарған жанжалының куәгері болды. Олардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп алып, YouTube ресурсына жүктеді.

Бортқа шақырылған француз полицейлерге әйел ағылшын тілінде: "Владимир Путин сендерді өлтіреді!", - деп айқайлады. Ресейлік азаматша ұшақтан түсіріліп, рейс бір сағатқа кешікті.
Куәгерлердің айтуынша, әйел адам әуежайдағы бизнес-класс жолаушыларына арналған бөлмеде де ішімдік ішкен. Ұшаққа мінгеннен кейін ол "Аэрофлот" қызметкерлеріне мінез көрсете бастапты. Тәртіп сақшыларын шақырған кезде ол одан ары дөрекі мінез танытқан. Қазір жолаушының кім екені анықталып жатыр.