23 қаңтар 2014 11:52

Ресейлік қыз қазақстандықты қылмыстан құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет express-k.kz сайтынан алынған Сурет express-k.kz сайтынан алынған

"Әлеуметтік желі пайдаланушылардың көмегімен табылған бейтаныс ресейлік бойжеткен Қазақстан азаматы Максим Гончаровтың көрші елде қылмысқа шатылмауына көмектесті" деп жазады Tengrinews.kz "Экспресс К" газетіне сілтеме жасап. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Максим Гончаров жұмыс бабымен Челябі қаласына барады. Кешке достарымен бірге демалмақ болып, Meet Point түнгі клубында кездеседі. Клубта Максимнің жолдастары ішіп алған бір топ жігіттермен сөзге келіп қалып, мәселені шешпек болып, тысқа шығады. Көшеге шыға салысымен екі топ арасында төбелес басталып кетеді. Кенет пайда болған екі қыз төбелесушілердің арасына түсіп ажаратып, жігіттердің ашуын басады. Сол кешті Максим "Бізге Катя есімді қыз басу айтты, сонан соң келіп, мойныма асылды" деп еске алады. Бәрі тынышталғаннан кейін қош айтысқан қара торы қыз өзін интернет арқылы табуға болатынын айтады. Сол сәттен бастап Максим күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. Челябі, Екатеринбор қалаларындағы барлық интернет-парақшаларды ақтарып, өзінің перизатын таба алмайды. Амалы таусылған Максим әлеуметтік желі пайдаланушылардан көмек сұрайды. Оның үндеуі интернет арқылы тарап, қара торы қыз табылды. Сөйтсе, Челябіден іздеген қыз Мәскеуде тұрады екен. Енді Максим мен Катя кездесуге уағдаласқан көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети