Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Ресейлік телеарна Қасым-Жомарт Тоқаевты төбелесқор кәсіпкер деп көрсетті

27 Тамыз 2014, 14:21
1
Ren-TV телеарнасындағы "112" бағдарламасының кадры.
Ren-TV телеарнасындағы "112" бағдарламасының кадры.

Ресейлік тележурналистер қазақстандық бизнесменнің Геленджикте "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрып-соққаны туралы сюжетте бұзақылық жасаған адамның орнына қателесіп, Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қателікті жіберген -  Ren-TV арнасының "112" ақпараттық бағдарламасының қызметкерлері.

Сюжетте айтылған оқиға 22 тамызда болған. Шақырту бойынша келген дәрігерлер бригадасы Rolls-Royce автокөлігінің жолын бөгеген. Шетелдік көліктің иесі жанжал шығарып, "жедел жәрдем" жүргізушісін ұрып-соққан. Rolls-Royce қожайынына бірнеше ер адам көмекке келеді. Олардың әрекетінен жүргізушіге араша түскен фельдшер де соққы жеді.

26-27 тамыз күндері көрсетілген "112" бағдарламасында журналистер Rolls-Royce иесі туралы толық әңгімелемек болды. Сюжетте күдіктінің Мәскеудің 55 жастағы тұрғыны екені айтылды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті көрсетілді, ал кадр сыртындағы жүргізуші "Міне, мынау - астананың 55 жастағы тұрғыны Жомарт Қаменов" деді.

Журналистер "қазақстандық бизнесменнің үйіне милицияның жиі келетінін" айтты. Сюжетте оның көршілері Rolls-Royce қожайынының "қызуқанды қазақ" екенін баяндады. "Мұнда милиция автоматпен де келіп, оны іздеген", - дейді Қаменовтің көршісі.

"Соңғы 10 жыл ішінде қазақстандық беймәлім бизнесмен астанада (Мәскеу - Авт.) кәсібін жақсы дөңгелетті", - деп әңгімелейді ресейлік журналистер. Олардың мәліметінше, Қаменов - "Медстройинвест" компаниясының қожайыны.

Оның компаниясының арқасында Жомарт Қаменовтің шын мәнінде түрі қандай екені белгілі болды. 2010 жылы кәсіпкер "Медстройинвесттің" Мәскеудегі 12-ші балалар ауруханасын сүріп тастағаны жөнінде сұхбат берген. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай