Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Римде ауданы 7 шаршы метр болатын баспана бар

27 Сәуір 2015, 16:17
0

Римнің орталығында Пантеон мен Қасиетті Петр алаңына жақын маңда кіп-кішкентай үй орналасқан. 18-ші ғасырда салынған үй ұзақ жылдар бойы қараусыз жатады. 2010 жылы оны архитектор әрі дизайнер Марко Пьерацци сатып алды. 

Архитектор үй ауданының 7 шаршы метр болғанына қарамастан, оны толыққанды баспана еткен.

Бірінша қабатта ас үй жабдықтары мен жуынатын бөлме орналасқан. Сонымен қатар, жинап қоюға болатын шағын үстел бар. Оған бір уақытта 3-4 адам отырып тамақтана алады.

Екінші қабатқа шығу үшін арнайы баспалдақпен көтеріліп, үйдің төбесінің бір бөлігін көтеру керек.

Екінші қабатта жатын бөлмесі орналасқан. Онда теледидар да бар.

Осы кішкентай пәтерде Марко өз әйелімен бірнеше жыл бойы тұрды. Балалары өмірге келгеннен кейін олар көшіп кетуге мәжбүр болды. Енді ол баспананы тұрғысы келетіндерге жалға береді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай