Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Селфи биттің таралуына себеп - ресейлік дәрігерлер

27 Қазан 2014, 16:44
0
Актерлер селфи жасап жатыр. ©REUTERS
Актерлер селфи жасап жатыр. ©REUTERS

Ресей тұтынушылар құқығын қорғау және адам салауаттылығы салаларындағы қадағалау қызметінің Курск облысы бойынша басқармасының қызметкерлері жасөсөпірімдердің селфимен әуестенуі педикулездің таралуына себеп деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Паразиттермен күрес туралы мақалада аурудың тарихы мен қауіппен күрес әдістері, сонымен қатар жұқпаның таралу әдістері анық жазылған. "Жастардың арасында педикулездің таралуына, сарапшылардың пікірі бойынша, селфи-фотографияға қызығушылық себеп болды, жастардың бір-біріне бастарын тигізіп суретке түсуі жұқпаның таралуына ықпал етіп отыр, жұқпаның негізгі таралу жолы - осы", - деп жазады мақала авторлары.

Айта кетейік, селфи - өз-өзін суретке түсіру - қызығушылықтың танымал түрі. Интернет қолданушылары флэшмобтарды жиі жасап тұрады, мәселен, BeeChallenge - қыздардың бетін бюстгалтермен жауып, араға ұқсап суретке түсуі. Немесе экстремалды селфи жасап жатады. Айта кетейік, ресейлік азамат Нью-Йоркта Бруклин көпірінің бір ғимаратына мініп, сонда суретке түсті. "Көшедегілерді қорқытқаны үшін" ол үш айға түрмеге қамалды.  

Сонымен қатар, селфидің дауға айналатын кезі болады. Жақында ресейлік студенттер мәйіттің алдында тұрып селфи жасады. Бұл іс Интернет қолданушыларының жағасын ұстатты. Қыздарды оқудан шығару туралы мәселе көтерілді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай