26 ақпан 2014 21:18

Семейдегі көне сауыттың құпиясы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Руслан Шақабаев Фото ©Руслан Шақабаев

Семейдің тарихи-өлкетану мұражайындағылар мекеме қорында 80 жылдан астам сақталып жатқан сауыттың иесі кім екенін тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Мұражайдың директоры Бекен Теміров өздеріне 89 жастағы қарт, Ұлы Отан соғысының ардагері Асқап Жұмаділовтің келгенін, сөйтіп көне сауыт оның бабасына, атақты қазақ батыры Ақтамберді жырауға тиесілі екенін айтқанын жеткізеді. Өткен жүзжылдықтың 20-жылдары елден береке кетіп тұрғанда батыр ұрпақтары Қытайға өтіп кетпекші болады. Бірақ олар шекараға жеткенде іздеріне шекарашылар түседі. Осындай қуғын-сүргін кезінде қолдағының барлығы жайрап қалады. Өлгендердің заттары арасында батырдың сауыты да болған. "Осыдан кейін туысқандар бір-біріне бабасының сауыты мұражайда сақталып жатқанын айтып отырған. Ұрпақтары бірнеше рет келіп, сауыттың осында екеніне көз жеткізіп кеткен. Алайда ол туралы ашық айтуды жөн санамаған. Соған байланысты зат көп уақыт қорапта сақталды. Ал алып шыққанда сауытты ел алдына қою мүмкін болмады. Себебі ол әбден ескіріп, тозған. Біз маманды шақырдық, ол сауытты қалпына келтірді. Металл тот басқан, сондықтан ол ілініп әрең тұр, шалт қимыл сауыттың сөгіліп кетуіне әкеп соғуы мүмкін" - дейді Теміров. Директор металл құрамы мен оның нақты уақытына қатысты мәліметті анықтау үшін сауыттың сараптамаға жіберілетінін айтты. "Ал Ақтамбердіде осындай сауыт болғандығы туралы оның өлеңдерінде жазылады" - деді Теміров. Ақтамберді жырау 1675 жылы дүниеге келген. Жастай соғысқа қатысты. Ол ержүрек әрі мықты батыр ретінде ел есінде сақталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети