Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Сыйлық ретінде ата-анасының ипотекалық несиесін төлеп берді

29 Желтоқсан 2014, 07:13
0
©Youtube сайтынан алынған кадр
©Youtube сайтынан алынған кадр

Америкалық Джозеф Рикельменің өз ата-анасын қуантқан сәті әлемнің миллиондаған адамын таңғалдырды. Жас жігіт Рождество мейрамына орай әке-шешесіне күтпеген сыйлық жасады - тұрып жатқан үйінің ипотекалық несиесін төлеп берді, - деп хабарлайды CNN.

Сыйлық тарту сәті видеоға түсірілді. Кадрларда Джозеф әке-шешесіне "Сіздің ипотекалық несиеңіз жабылды, Рождествомен құттықтаймыз" делінген конвертті береді. Оны бірінші болып оқыған анасы көз жасын тия алмайды, ал одан кейін отағасы да қуанғаннан көз жасына ерік береді.

Видеоролик YouTube сайтына жүктеліп, қазірге дейін қарқынмен көрілім жинап келеді - бірнеше күн ішінде оны алты миллионнан астам адам көрді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай