Такси жүргізушілері Ақтөбе тұрғынына көлікте ұмытып кеткен 1,1 миллион теңгесін қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Такси жүргізушілері Ақтөбе тұрғынына көлікте ұмытып кеткен 1,1 миллион теңгесін қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қаңтардың 10-нан 11-не қараған түні Аслан Нәби мен оның танысы Дарын Ембергенов адамдарды тасу қызметімен айналысып, ер адамды айтқан мекенжайы бойынша жеткізіп салған. Біршама уақыт өткен соң олар көліктің артқы бөлігінен ірі көлемде қаражат қалып қойғанын анықтаған.
Ер адамдар құқық қорғау органдарына хабарласқан: Олар "№ 3 Алматы аудандық полиция бөлімшесіне келіп, полицейлерге клиенттің ақша толы сөмке тастап кеткенін жеткізген. Бірнеше минуттан соң полицияға ер адам хабарласқан. Ол такси көлігінде 1 миллион 100 мың теңгесі ұмытып кеткенін айтқан.
Полиция департаментінің басшысы Аслан мен Дарынға әділдігі мен адалдығы үшін алғыс білдіріп, департамент қызметі басшыларының алдында мадақтама хатын берді.
"Аслан мен Дарын ақшаны полицияға беруге қатысты аса бір ерекшелік деп ойламайды. Жігіттер ақшаның оңай жолмен келмейтінін айтады және әрбір адал және заңға бағынатын адам осылай істеуі керек деп ойлайды. Бәлкім бұл ақша адамның еміне, не болмаса несие жабуға болмаса қарыздан құтылуға арналған болуы мүмкін. Сол себепті олар тауып алған қаражатты иесіне қайтаруды ұйғарған", - деді ведомство өкілдері.