Такси жүргізушісі ақтаулықтарды қамқорлығымен таңдандырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Такси жүргізушісі ақтаулықтарды қамқорлығымен таңдандырды © taxialmaz.by

Ақтау тұрғыны ылғалды сүрткіш, аяқ киім щеткасы мен тәттілер дайындап қойған таксиге мінгенін айтады, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғыны ылғалды сүрткіш, аяқ киім щеткасы мен тәттілер дайындап қойған таксиге мінгенін айтады, - деп хабарлайды Lada.kz.

Ер адамның сөзінше, ол 10 сәуірде 3Б ықшамауданында көлік тоқтатқан. Көлік нөмірі есінде жоқ. Дегенмен Daewoo маркалы минивэнді қысқаша сипаттап берді.

"Жайлы жол жүруге барлық жағдай жасалған: ылғалды сүрткіш, аяқ киім сүртетін шүберек, тәттілер және қоқыс тастауға арналған жәшік. Қатты таңдандырды, мұның бәрі ақылы ма деген сұрағыма "Жоқ" деп жауап берді. Сөйлесе келе оның жерлік емес, Ақтуда бірнеше жыл ғана тұрып келе жатқанын білдім", - дейді Ербол. 

Мұндай жайлы жағдайда жол жүру 200 теңге ғана екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети